Жаңалықтар 13.06.2019 сағат 14:57  204

Нұр-Султанда қару ұстаған ер адам балаларға қауіп төндірді (ВИДЕО)

Қызмет барысымен жүрген полицейлерге кәмелет жасқа толмаған екі бала жүгіріп келіп, тапаншасы бар ер адам туралы хабарлады.
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

12 маусым күні полиция қызметкерлері Уәлиханов көшесіндегі балаларға тапанша кезеген 51 жастағы қала тұрғынын ұстады, деп хабарлайды NewTimes.kz агенттігі елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Қызмет барысымен жүрген полицейлерге кәмелет жасқа толмаған екі бала жүгіріп келіп, тапаншасы бар ер адам туралы хабарлады. Аға полицей сержанты Руслан Шмидт дереу басқаларды оқиға орнына шақырып, өзі оқиға орнына лезде жетті.

Нұр-Сұлтан полиция басқармасының жол полициясының аға полиция сержанты Руслан Шмидт жағдайды дереу қолға алып, адамға қарсы күрес техникасын және арнайы құралдарды қолдана отырып, бұзақыны құрықтады. Полиция лейтенанты Жандос Өзбек те көмекке уақытында келді.

Осы оқиға бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес «Қаруды, оқ-дәріні, жарылғыш заттарды және жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бабы бойынша тергеу жүргізілуде.

Ер адамның қолындағы пневматикалық қару тәркіленді. Медициналық сараптама бойынша ер адам спирттік ішімдік ішкен боп шықты.

Полиция бөлімі тұрғындарға оқиғаны уақытында хабарлағаны үшін және қамауға алу кезінде көрсеткен көмегі үшін ризашылығын білдірді. Сонымен қатар, балалардың ата-анасы полиция қызметкерлеріне батылдық танытқаны үшін алғыс айтты.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар