Жаңалықтар 13.06.2019 сағат 15:12  274

Зейнеткер: «Оразаны көпшілік понт үшін ұстайтын болған»

Жасы 60-ты еңсерген әйел адам, редакцияға хат жолдап, ұшақта басынан өткен оқиғасымен бөлісті.
Зейнеткер: «Оразаны көпшілік понт үшін ұстайтын болған»
Фото: Интересный контент
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Жасы 60-ты еңсерген әйел адам, редакцияға хат жолдап, ұшақта басынан өткен оқиғасымен бөлісті. Түркияға жанұясымен бірге барған ол жас жігіттің әдепсіз қылығының куәсі болыпты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

«Біздің орнымыздан бір қатардан кейін шамамен жасы 25-тердегі ер адам отырды және оның жанындағы екі орын бос болған еді. Мен балаларға ыңғайлы болу үшін, сол орынға отырдым. Өзім жасым 60-қа тақап қалған анамын. Сол жерге барып, жайғасқаным сол еді, әлгі азамат менен орынды босатуымды сұрап, айғайға басты», - дейді хат жолдаушы.

Мәселеге ұлы араласып, жолаушыны сабырға шақырған екен. Біраз уақыттан кейін зейнеткер жас жігіттің әлдекіммен ауыз ашар жайлы тілдескенін аңғарған.

«Жаныңа 60 жастағы әже келіп, орын сұрады. Сен тұрып орын беруің керек еді ғой? Осындай әрекетіңнен кейін, сен қайдағы мұсылмансың?», - деген әйел адам ауыз бекітіп, ораза ұстаған адамдардан мұндай әрекет күтпегейтінін жеткізді.

«Оразаны көпшілік понт үшін ұстайтын болған. Бір-бірінің алдында ораза ұстайтындарын айтып, мақтану үшін», - деп жазады зейнеткер.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар