Жаңалықтар 13.06.2019 сағат 15:44  91

БҚО әкімінің орынбасары облыс басшылығына тағайындалды

Батыс Қазақстан аграрлық университетін «экономика», Халықаралық бизнес академиясын «менеджмент» мамандықтары бойынша бітірген.
БҚО әкімінің орынбасары облыс басшылығына тағайындалды
Фото: tengrinews.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Ғали Есқалиев Батыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

Бұған дейін, Ғали Есқалиев БҚО әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

Еске сала кетейік, осы өңірді басқарған Алтай Көлгінов Нұр-Сұлтан қаласының әкімі болып тағайындалды.

Ғали Есқалиев – 1970 жылы туған, білімі жоғары. Батыс Қазақстан аграрлық университетін «экономика», Халықаралық бизнес академиясын «менеджмент» мамандықтары бойынша бітірген.

Әр жылдары «Темірбанк» АҚ филиалының директоры, БҚО Кәсіпкерлікті қолдау және даму департаментінің директоры, «Қазақстан даму банкі» АҚ атқарушы директоры, вице-президенті, басқарма төрағасы, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары, Астана қаласы әкімдігі қалалық Ортаны регенерациялау басқармасының басшысы қызметтерін атқарған болатын.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар