$ 446.49  475.38  4.79

Серікбай Трұмов Маңғыстау облысының әкімі болып тағайындалды

Еңбек жолын 1985-1990 жылдары "Мангышлаксельстрой-12" трестінде бетонщик, жүргізуші, құрылыс механизациясы мен көлік басқармасының жүргізушісі қызметтерінен бастаған.
Фото: Men Qazaqpyn
Фото: Men Qazaqpyn

Серікбай Өтелгенұлы Трұмов Маңғыстау облысының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлады Ақорда.

С.Ө.Трұмовқа дейін өңір басшысы қызметін Ералы Тоғжанов атқарған.

Трұмов 1964 жылдың 3 маусымында Маңғыстау облысы Форт-Шевченко қаласында дүниеге келген. 1992 жылы инженер- құрылысшы мамандығы бойынша В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын аяқтаған.

1983-1985 жылдары Кеңес Армиясы қатарында әскери міндетін өтеді.

Еңбек жолын 1985-1990 жылдары "Мангышлаксельстрой-12" трестінде бетонщик, жүргізуші, құрылыс механизациясы мен көлік басқармасының жүргізушісі қызметтерінен бастаған. Одан кейін Қазақстан ЛКЖО Форт-Шевченко қалалық комитетінің бірінші хатшысы, "Түпқараған" ЖШС жетекші директоры,  аудан әкімі,  Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары болды. Ал, 2012 жылы Жаңаөзен қаласының әкімі болып тағайындалды. 2015 жылдың шілдесінен бастап Ақтау қаласының әкімі болды. 2017 жылдан бері Маңғыстау облыстық мәслихатының хатшысы қызметінде болған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары