$ 448.89  477.93  4.76

«Асыл әже»: Марзия Айтбайқызы дүниеден озды (ВИДЕО)

Сонымен қатар, ертеректегі тыңдармандардың сүйікті әні «Асыл әжем» туындысы Марзия Айтбайқызына арналған.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі педагог Тұрлыханова Мәрзия Айтбайқызы дүниеден өтті. Қаралы хабарды ұлы, Азия күресі кеңесінің президенті Дәулет Тұрлыханов өз Instagram-парақшасында хабарлады.

«Анамыз Тұрлыханова Марзия Айтбайқызы 80 жасқа шыққан шағында 15  маусымда дүниеден өтті. Қоштасу-жерлеу рәсімі 17 маусымда сағат 10:00-де Алматы қаласы, Абай даңғылы, 48А, «Достық» спорт сарайында өтеді», - деп жазды Даулет Тұрлыханов.

Еске сала кетейік, Мәрзия Айтбайқызы Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Таскескен ауылында 1940 жылы 16 ақпанда туған. Ол - педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері және Қазақстан Республикасының Білім Беру ісінің Құрметті қызыметкері.

Сондай-ақ, Мәрзия Айтбайқызы - атақты палуан Дәулет Тұрлыхановтың анасы.

Сонымен қатар, ертеректегі тыңдармандардың сүйікті әні «Асыл әжем» туындысы Марзия Айтбайқызына арналған. Әнді немересі Рахат Тұрлыханов орындаған.

 

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары