$ 444.32  473.33  4.76

«Форсаж» фильмі Қазақстанда түсірілмек

«Universal Pictures кинокомпаниясының өкілдері Қазақстанға келіп, фильмнің эпизодын түсіруге арналған локациямен танысты».
Фото: Mp3Party
Фото: Mp3Party

Әйгілі «Форсаж» фильмінің продюсері Нұр-Сұлтан қаласынан фильмге арналған локация қарастыруда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Universal Pictures кинокомпаниясының өкілдері Қазақстанға келіп, фильмнің эпизодын түсіруге арналған локациямен танысты. Әрине фильмді түсіру түсірмеуді продюсерлері шешеді. Дегенмен «Форсаж» фильмі болмаған жағдайда басқа жобаларды іске асыру жоспарда бар», - деді «Жаһандық саясат бастамалары» компаниясының президенті Джей Фитлук ҚР Мәдениет және спорт министрлігінде өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, компания басшысы американдық кинокомпаниялардың өз қаражаттары мен мүмкіндіктерін саяси тұрақты елдерге бағыттайтынын айтып өтті.

«Қазақстан бұл бағытта қауіпсіз ел. Сонымен қатар сіздердің елдеріңізде қайталанбас ландшафттар, инфрақұрылым және жергілікті кәсіби мамандар бар. Осы тұрғыда қазақстандық кино саласы мамандарымен бірлесіп бірнеше кинотуындыларды жасап шығаратынымызға сенім артамын», - деді ол.

Өз кезегінде Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының басқарма төрағасы Андрей Хазбулатов «Форсаж» фильмінің түсіріліміне қатысты өз пікірін білдірді.

«Фильм авторларын елордадағы жарыс автомобильдеріне арналған алаң қызықтырды. Ол бойынша қазіргі уақытта келісім жасалу үстінде, бірақ толықтай құжаттар рәсімделген жоқ», - деді А. Хазбулатов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары