$ 446.49  475.38  4.79

«Сырбар» Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қосылады

Сондай-ақ, Жарлық аясында Ұлттық қауіпсіздік комитеті Сыртқы барлау қызметі құрылмақ.
Фото: arnapress.kz
Фото: arnapress.kz

Президент Ұлттық қауіпсіздікті нығайту және барлау қызметін одан әpi жетілдіру жөніндегі шаралар туралы  Жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорда.

Жарлықта Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қосу арқылы Қазақстан Республикасының «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі қайта ұйымдастырылсын делінген.

Сондай-ақ, Жарлық аясында Ұлттық қауіпсіздік комитеті Сыртқы барлау қызметі құрылмақ.

Бұдан бөлек, «Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігі туралы ережені бекіту туралы» Президент жарлығынан «Қазақстан Республикасының «Сырбар» сыртқы барлау қызметі» деген жол алынып тасталады.

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары