$ 446.49  475.38  4.79

Шымкентте 3D форматындағы жаяу жүргінші жолы салынды

Корпорацияның басқарма төрағасы Рашид Аюповтың айтуынша, үш өлшемді таңба идеясын ол шетелден алған.

Елімізде алғашқы 3D форматындағы жаяу жүргінші жолы Шымкентте пайда болды. Бұл ерекше жүргіншілер жолағы «Shymkent» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының бастамасымен салынған, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

Жаяу жүргінші жолы қала орталығындағы Айбергенов көшесінде пайда болды. Бұған дейін  аталған көшеде жай ғана белгі бар еді. Корпорацияның басқарма төрағасы Рашид Аюповтың айтуынша, үш өлшемді таңба идеясын ол шетелден алған. «Шымкент - жол қозғалысы  өте қарқынды дамыған қала. Бұл учаске жүргізушілер назарын өзіне аудартатын ерекше қосымша белгі болады деп үміттенемін. Мұндай тәжірибелер батыста қайғылы оқиғалар  санын бірнеше рет қысқартуға мүмкіндік берді», - дейді Рашид Аюпов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары