$ 447.4  477.55  4.76

Алматы облысында 35 жастағы әйелді зорлаған күдікті жайлаудан табылды

Сарқан ауданының тәртіп сақшылары ешқайда кетпеу туралы қолхат жазып беріп, ізін жасырған күдіктіні 2018 жылдың желтоқсанынан бері іздеген.
Фото: Om1.ru
Фото: Om1.ru

Алматы облысында әйелді зорлады деген күдікке ілінген 31 жастағы жігіт шалғайдағы жайлаудан табылды, деп жазды Sputnik Қазақстан полиция департаментіне сілтеме беріп.

Сарқан ауданының тәртіп сақшылары ешқайда кетпеу туралы қолхат жазып беріп, ізін жасырған күдіктіні 2018 жылдың желтоқсанынан бері іздеген. Ер адамға Сарқан қаласында 35 жастағы келіншекті зорлады деген айып тағылыпты. Жәбірленуші әйел полицияға арыз берсе керек.

«Сотқа дейінгі тергеулер кезінде қолхат жазып берген күдікті қашып кетті. Жақында оның шалғайдағы жайлауда жасырынып жүргені анықталды. Кеше ұсталып, аудандық полиция бөліміне жеткізілген», - деп Алматы облысының полиция департаменті мәлімет берді.

Ведомство атап өткендей, тергеу материалы сотқа жіберіліпті, үкім шыққанша күдікті уақытша ұстау абақтысында отырады.


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары