$ 444.32  473.33  4.76

Өскеменде 28 жастағы ер адам көпірден секірмек болған (ВИДЕО)

Полиция қызметкерлері оқиға барысында тез шешім қабылдап, жігітті көндіріп, құтқарып қалған.

19 маусым күні патрульдік полиция батальонының офицерлері Дәурен Саяқов пен Нұрсұлтан Кеңесов Ертіс өзеніндегі көпірдің үстінен секірейін деп тұрған жігітті байқап, өмірін арашалап қалған, деп хабарлайды NewTimes.kz ақпараттық агенттігі ШҚО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері оқиға барысында тез шешім қабылдап, жігітті көндіріп, құтқарып қалған. 

Облыс тұрғындары жас жігітті құтқарып қалғаны үшін тәртіп сақшыларына алғыс айтып, өзін өлімге қиған жігітке психологиялық қолдау көрсетті. Қиындықтардың артта қалатынын айтып, алдағы уақытта мұндай жамандыққа бармауға шақырды. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары