$ 449.58  486.94  4.86

«Телефонында құлып тұрады»: отағасына режіп, төркініне кеткен әйел оның көңілдес тауып алғанын айтты

Отағасына ренжіп, төркініне кеткен әйел күйеуі қатесін түсінеді деп ойлапты. Алайда ер адам қайта жарасудың орнына басқа бикешпен көңіл қосып кете берген көрінеді.

Отағасына ренжіп, төркініне кеткен әйел күйеуі қатесін түсінеді деп ойлапты. Алайда ер адам қайта жарасудың орнына басқа бикешпен көңіл қосып кете берген көрінеді. Бұл туралы автор Instagram әлеуметтік желісіндегі аnonymous_forum парақшасында жазды. 

«4 жылдан бері тұрмыстамын. 2 баламыз бар. Жаңа жылдың алдында күйеуіме ренжіп, төркініме кетіп қалғанмын. Сондағы ойым, оны өзгерер дегем. Ол өз кінәсін мойындаудың орнына, көңілдес тауып алыпты. Екеуміз қайта қосылдық. Алайда ол әлгі сұрқиямен әлі кездесіп жүр. 

Телефонында құлып тұрады. Шаршадым. Қаласа кетеді, қаласа келеді. Кейде ажырасcам деймін. Бірақ жалғызбасты ана болғым келмейді. Оның көңілін қалай өзіме аударсам болады?»,  – деп келіншек көптен кеңес сұрады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#жас отбасы