$ 447.4  477.55  4.76

Қытай посткеңестік елдерден ағылатын жезөкшелерден қорғана бастады

Рунетте бишілер қызметіне жоғары ақы ұсынатын хабарландырулар аз емес. Жағдайы жоғары қытай азаматтары еуропалық келбетке ынтық болса керек.
фото: Gorod.lv
фото: Gorod.lv

Гуанчжоудағы РФ Бас елшігінің сайтында Ресейден келетін жолаушыларға қатал ескерту жарияланды, деп хабарлайды SN.kz тілшісі Life.ru сайтына сілтеме жасап.

Қытай әуежайларында жолаушылардың мессенджерлердегі хаттарына дейін оқылатын болған. Егер қыздардың жезөкшелікпен айналатыны дәлелденсе, елден қайта шығарып жіберуі мүмкін. 

Сайттың мәліметінше, Қытай Ресейден баратын жезөкшелер ағынымен күресті қолға ала бастаған сыңайлы.

Соңғы жылдары нәпақа табу үшін Қытайға Ресей, Украина мен Белоруссиядан барып жатқандар көп. Рунетте бишілер қызметіне жоғары ақы ұсынатын хабарландырулар аз емес. Жағдайы жоғары қытай азаматтары еуропалық келбетке ынтық болса керек.

Life.ru хабарландырудың мәтінін де жариялапты. «Сәлем! Әдемісің бе? Жұмысың шаршатты ма? Несие алып, баспана ала алмай жүрген боларсың. Өміріңді өзгертуге көмектесеміз!», - деген сарындағы хабарландырулар жезөкшелікке тартады. 

Ақпарат аагенттерінің хабарлауынша, Ресейдің Гуанчжоудағы Бас елшілігі дипломатиялық нота жолдапты. Онда шекарадағы тексеріс крийтерийлері туралы түсіндіріп беруді сұраған. Алайда, Қытай тарапы кез келген жағдайға дайын болу керектігі жөнінде ескерту жасапты. 

Қытай чаттарында көрсетілгендей, демалыс орындарындағы қызметкерлердің 80 пайызы Ресей, Украина мен Белоруссиядан келген қыздар екен. 

Айта кетейік, Қытайда ресми түрде жезөкшелікке тыйым салынған. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары