$ 447.4  477.55  4.76

Намаз уақытында Нұр-Астана жамағатының заттарын ұрлап келген ақтөбелік қолға түсті

Ақтөбеден келген жігіт мешіт жамағатының ақшасы мен ұялы телефондарын ұрлаған. Сонымен қатар ол түнгі уақытта ашық подъездерден велосипедтерді мініп кеткен.
фото: Islam73
фото: Islam73

Елордада полиция мешіттерде ұрлық жасап жүрген Ақтөбе облысының тұрғынын ұстады. 26 жастағы ер адам бұған дейін сотталған екен. 

Тәртіп сақшылары анықтағандай, ер адам күндіз мешітке кіріп, келушілердің сырт киімінің қалтасынан ақша мен ұялы телефондарын ұрлаған. Сонымен қатар ол түнгі уақытта ашық подъездерден велосипедтерді ұрлапты. 
Күдікті бір айда 8 қылмыс жасағанын мойындады. 

«Заттай айғақтар тәркіленіп, ҚР ҚК 188-бабына (Ұрлық) сәйкес тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына тоғытылды. Оның осы тәрізді басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда», - дейді полициядағылар. 

Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті күдіктінің заңға қайшы әрекетінен зардап шеккендерден полицияға жүгінуін сұрады. 

Сонымен қатар тәртіп сақшылары азаматтарды мұқият болуға, жеке заттарын қараусыз қалдырмауға шақырды. 

Дереккөз: Stan.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары