Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына орай салынған медициналық орталық халыққа қолжетімді медициналық қызметтің көптеген түрін көрсетеді. Жақында аталған орталыққа 30000 халықты тіркеп, 1 ауысымда 500-ге дейін адам қабылдай алатын емхана ашылады. "MEDIKER 4К" медициналық орталығы кешенді медициналық мониторинг, міндетті және ерікті медициналық сақтандыру, пациенттердің денсаулығын бақылаудың алдын алу әдістері қызмет пакеттерін енгізді.
Амбулаториялық медицина орталығы лазерлік, радиожиілік және электрохирургиялық технологияларды пайдалана отырып, аз инвазивті, амбулаторлық, пластикалық, офтальмологиялық, хирургиялық, гинекологиялық, урологиялық және проктологиялық операцияларды жүргізу үшін соңғы үлгідегі жабдықтармен жабдықталған.
Клиника пациенттерін операциядан кейінгі кезеңде дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің тұрақты бақылауында болу үшін қолайлы палаталар күтеді. Асхан Байдувалиев инсульттан кейінгі, нейрохирургиялық операциялардан кейінгі, травматологиялық операциялардан кейінгі науқастарға арналған реабилитациялық бөлімшенің медициналық қызметкерлерімен танысып, оңалту құрал-жабдықтары көріп шықты. Бүгінгі таңда «MEDIKER» ерікті медициналық сақтандыру мен тегін медициналық қызметтердің кепілді көлемі аясында қызмет көрсетеді.
«SN.kz»-ақпарат.