$ 446.49  475.38  4.79

Нұр-Сұлтанда көпбалалы отбасылардың балалары жаппай сүндетке отырғызылады

Мұсылман атанған балаларға сондай-ақ сыйлықтар таратылады.
astana.gov.kz
astana.gov.kz

Елордалық ауруханалар мен емханаларда балаларды ақысыз түрде сүндеттеу бойынша «Сүндет-2019» қайырымдылық акциясы өтеді, деп хабарлайды SN.kz тілшісі қала әкімдікке сілтеме жасап.

Негізі, емдеу мекемелерінде сүндетке отырғызу ақысы 25 мың теңге шамасында. Ал бұл акция аз қамтылған отбасыларға қосымша көмек болмақ. 

Айта кетейік, сүндетке отырғызу шарасы қаланың төрт емханасында 7-8 маусымда сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін жоспарланған. 

Балаларға естелік сыйлықтар дайындалған. 

«Сүндет-2019» акциясына қатысу үшін өтінімдерді аудандық әкімдіктер 2019 жылдың 31 мамырынан 6 маусымына дейін қабылдайды. 

Өтінімді беру және тізімге енгізу үшін келесі нөмірлер бойынша хабарласу қажет: 36-11-26 ("Алматы" ауданы), 55-73-77 ("Байқоңыр" ауданы), 55-72-93 ("Есіл" ауданы), 55-74-79 ("Сарыарқа"ауданы).
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#сүндеттеу