$ 446.49  475.38  4.79

Шымкентке «FlyАrystan» ұшағы қонды

«FlyArystan» лоукостері Алматыдан Шымкентке алғашқы рейсін ұшырып, ұшақ мегаполистің әуежайына сәтті қонды. Шымкент шаһарының әуежайында қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов «Эйр Астана» авиакомпаниясының президенті Питер Фостерді күтіп алып, еліміздегі бірінші бюджеттік авиакомпанияның жұмысына сәттілік тіледі.

- Еліміздің үшінші мегаполисіне арнайы келген Питер Фостер мырзаға зор алғысымды білдіремін. Және шын жүректен алғашқы рейстің сәтті қонуларымен құттықтаймын. Бұл қала тұрғындары мен қонақтарына үлкен мүмкіндік береді деген ойдамыз. Өйткені біздің қаламыз арқылы көршілес облыс пен Өзбекстан Республикасының азаматтары ұшады. Билет жетіспеушілігі сезілетін. Ендігі арзан бағамен оңтүстік астанаға ұша алады. Әуекомпанияның алдағы жұмыстарына сәттілік тілеймін, - деді Ғ.Әбдірахымов.

Бұдан былай аталмыш бағыттар бойынша заманауи 180 орынды «Airbus A320» әуе кемелері күнделікті қатынайды. Алматыдан Шымкентке қатынаған бірінші рейс лық толып, оның біраз билеті ең минималды тарифпен, яғни 10 000 теңгеге дейінгі бағамен сатылған. Қазіргі уақытта саяхаттарын 26 қазанға дейін жоспарлап отырған жолаушылар әуекомпанияның ресми сайтынан билеттерді белсенді түрде брондап жатқанын байқауға болады.

«Шымкент – еліміздің республикалық маңызға ие мегаполистеріне айналған ірі қалалардың бірі. Сол себепті «FlyArystanның» келуінен кейін жергілікті халық қажеттіліктеріне сай алтын уақыттарын үнемдеп, лоукостермен сапар шегуді таңдайды деген сенімдемін», - деді Питер Фостер.

Еске салайық, Алматы-Шымкент бағытындағы рейстердің ең төменгі билет құны 4999 теңгеден басталады, сапардың ұшу ұзақтығы – 1 сағат 20 минут. «FlyArystan» барша жолаушылардан әуекомпанияның сайты «flyarystan.comда» жарияланған тариф ережелерімен мұқият таныс болуды сұрайды.

«SN.kz»-ақпарат.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары