$ 445.66  474.58  4.78

Шымкент қаласында алимент өндіру бойынша жұмыс тобы құрылады

Қала әкімдігінде «Проблемалық алименттерді өндіріп алу» мәселелері жөнінде жиын өтті. Оған қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов, сот саласының, құқық қорғау органы өкілдері мен төрағалары қатысып, өзара пікір алмасты.

Жеке сот орындаушылардың республикалық палатасының басқарма төрағасы Ернар Ибраевтың айтуынша, ағымдағы жылдың басынан бері республикалық палатаға жеке сот орындаушыларға қатысты 2000-нан астам арыз-шағым түскен. Оның ішінде 756 шағым алимент өндіру мәселесі бойынша екен.

Жиында Ғ.Әбдірахымов та бұл салада қордаланған біраз мәселелер бар екенін атап өтті.

– Бұл – дер кезінде көтеріліп отырған өзекті мәселе. Әлі де болса түйіні тарқатылмаған жұмыстарды бірлесе шешуіміз керек. Осы орайда ҚР Әділет министрлігі, республикалық палата және әкімдік арасында меморандумға қол қойдық. Тағы қосымша іс-шаралар жоспары бар. Ал өңірлік деңгейде Әділет департаменті мен жеке сот орындаушылар бірлесе жұмыс тобын құруы тиіс. Соның нәтижесінде біз мәселелерді жылдам шеше аламыз, – деді шаһар басшысы.

Қоғамда алимент төлеуден жалтарып, іс жүзіндегі табыстарын жасырып жүрген әкелер жетерлік. Шымкент қаласының Әділет департаментінің басшысы Орынбасар Тастанов өз баяндамасында негізгі атқарылған жұмыстардан хабардар етті. Оның мәлімдеуінше, қазіргі таңда Шымкент қаласының сот орындаушыларының өндірісінде жалпы 7926 өндіру туралы іс бар. 4737 балаға қатысты алимент төлеу өндірілуде. Оның ішінде 2924 борышкер алиментті өз еріктерімен төлеуде. Жалпы 3822 бала өздеріне тиесілі қаражатты қажетті деңгейде ала алмай келеді.

Шымкент қаласының жеке сот орындаушылар өңірлік палатасының басшысы Мадияр Әбдібай да бірқатар мәселелерден құлағдар етті.

«SN.kz»-ақпарат.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары