$ 447.4  477.55  4.76

Шымкент: Абай ауданында 150 отбасыға азық-түлік табыс етілді

Қасиетті Рамазан айындағы игі шаралар жер-жерде жалғасын тауып жатыр. Кәсіпкерлерді былай қойғанда, шенеуніктер де белсенді. 1 мамыр – Халықаралық балалар күніне орай Шымкент қаласындағы Абай ауданы әкімдігі жұдырықтай жұмылып, сенбі күні қайырымдылық іс-шарасын ұйымдастырды. Шара барысында аудан көлеміндегі 150-ге жуық көпбалалы және әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасыларға азық-түлік үлестірілді.

Бұл туралы Абай ауданы әкімі аппаратының басшысы Димаш  Дәуренбеков былай дейді: «Биыл қасиетті Рамазан айында зиялы қауымды, ардагерлеріміз бен ақ жаулықты аналарымызды ауызашарға шақырып, дастарқан жаямыз деп ойластырған едік. Бірақ ақылдаса келе, көмекке мұқтаж  отбасыларға қолдау көрсетуді жөн көрдік. Сондықтан да ауданымыздағы көмекке зәру отбасыларға ұн, қант, шай, күнбағыс майы сияқты күнделікті тұрмысқа қажетті азық-түлік тараттық. Жаңашыл форматта өткен шараға жастарды да тартып, олардың қайырымдылық шараларға кеңінен қатысуы насихатталды».  

«SN.kz»-ақпарат.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары