$ 447.4  477.55  4.76

Сапарбаев атаулы әлеуметтік көмекті алаяқтық жолмен алғандардың жазаланатынын мәлімдеді

Министрдің айтуынша, атаулы әлеуметтік көмекті тағайындағанда делдалдар жәрдемақыны алып беруге көмектеседі. Алдымен осы адамдар жазаға тартылады.
Фото: Sputniknews.kz
Фото: Sputniknews.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев атаулы әлеуметтік көмекті алаяқтық жолмен алғандардың жазаланатынын мәлімдеді, деп жазады Sputniknews.kz.

«Нақты шара қабылданады. Жолдары да бар. Біз қазір оларды прокуратура органдарына беріп жатырмыз. Солар тексереді. Егер алаяқтық анықталса, онда қылмыстық жазаға тартылады», – деді Сапарбаев.

Министрдің айтуынша, атаулы әлеуметтік көмекті тағайындағанда делдалдар жәрдемақыны алып беруге көмектеседі. Алдымен осы адамдар жазаға тартылады.  

Тағы оқыңыз: Сапарбаев көпбалалы аналардың нені талап етіп жүргенін айтып берді

«Мысалы, жұмыспен қамту орталығы мен көпбалалы ананың арасында делдал болып, соның ақшасын алып беріп, кішкене ақшасын өзі алса, ең бірінші солар жазаланады. Сосын көпбалалы отбасылар өз табысын дұрыс көрсетпесе, жауапқа тартылады. Қазір біз ол жұмысты кейбір өңірлерде жүргізіп жатырмыз. Біткеннен кейін прокуратура органдарына тапсырамыз», - деп атап көрсетті Сапарбаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Сапарбаев