Қазақ хандығы туралы фильмді қарқ қылмаған Мәдениет министрі Иса пайғамбар туралы кино түсірмекші - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

Қазақ хандығы туралы фильмді қарқ қылмаған Мәдениет министрі Иса пайғамбар туралы кино түсірмекші

09.02.2016, 11:31

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі британдық «SUPERB FILMS CORPORATION LIMITED» кинокомпаниясымен бірігіп, Иса пайғамбар жайында екі деректі фильм және Шыңғыс хан туралы көркем фильм түсірмекші. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі мәлімдеп отыр.

Кеше министр Арыстанбек Мұхамедиұлы мен ұлыбританиялық компанияның басшысы Кент Волвин және Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты арасында үшжақты келісімге қол қойылып, осы келісім аясында бірнеше жоба жүзеге асатын болды.

Атап айтар болсақ, 2016 және 2017 жылдары тараптар бірлесе «We will rock you» мюзиклын түсіруді жоспарлап отыр. Сонымен қатар, Қазақстан аумағында «Шыңғыс хан» атауымен көркем фильм және Иса пайғамбар жайында екі бөлімді деректі фильм түсірмекші. Соңғысы елдегі конфессияаралық татулықты нығайтуға негізделген дейді А.Мұхамедиұлы.

Бүгінде 100-ден астам фильм түсіріп үлгерген Кент Волвин қазақстандық кинематографияға қызығушылық танытып отырғанын жеткізді. Атап айтқанда, кино маманы біздің елде Шыңғыс ханның жас кезін баяндайтын көркем фильмнің түсірілімін қолға аламын деп құлшынып отыр.

Ал, былтыр көрерменге жол тартуы тиіс болған Қазақ хандығы туралы көпсериалы фильмнің тағдыры әлі күнге дейін белгісіз күйде. Жоба режиссері мен продюсері қаржының тапшылығынан түсірілім жұмыстарының кешеуілдеп жатқанын бұған дейін айтқан болатын. Тіпті, олар БАҚ-тардың біріне берген сұхбатында тарихи туындының қарызға түсіріліп жатқандығын да жайып салды.

Пікір  

Мира
+ 0 Мира 12.02.2016 17:07
Айбыииииии...... ПАЗОР! ПАЗОР! ПАЗОР! ТФУ!
Жауап беру
Ғабит
+ 0 Ғабит 23.02.2016 12:52
Акша ушин неге бармайды...
Ал патриоттик сезими жок екени анык.
Жауап беру
Сауле
+ 0 Сауле 23.02.2016 13:09
Иса пайгамбардын ешкандай катысы жок Шынгысханга.
Жауап беру
Даулет
+ 0 Даулет 23.02.2016 13:23
Біздің тарихты өзінше бұрмалауға жол бермеу керек!
Жауап беру

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

Бас редактор:
Серғали Балажан

Астана қаласы, Ш. Қалдаяқов данғылы, 11, ВП-19
Тел.: +7 (701) 303 86 64

Сайтта жарнама орналастыру


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.
Сайт DivideGroup әзірлеуші тобымен жасалған