$ 445.66  474.58  4.78

Жезқазғанда республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

«Төртінші өнеркәсіп революциясы жағдайындағы адам капиталының рухани даму мүмкіндіктері». Осындай атаумен Жезқазған қаласында тау-кен ғылым саласындағы танымал ғалым, академик Өмірхан Байқоңыров атындағы республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

«Басты мақсат – заманауи Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының іргелі факторы ретінде адами капиталды дамытуға ықпал ететін шығармашылық бастамалар және идеялармен алмасу, тиімді педагогикалық іс-тәжірибені тарату және анықтау» дейді ұйымдастырушылар.

Конференцияға Қарағанды, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Астана, Алматы, Павлодар қаласы білім беру ұйымдарының педагогтері қатысты.

Конференцияның алғашқы күні қатысушылар Жезқазған аймағының киелі орындары – Алаша хан кесенесі, Жезді кентіндегі М. Төрегелдин атындағы тау-кен және балқыту ісі тарихы мұражайы, Жезқазған қаласының өлкетану мұражайы, Жезқазған тарихи-археологиялық мұражайына саяхат жасады. Мұндағы мақсат – туған жерді, тарихты, рухани-мәдени мұраны бойға сіңіру, жаңа деңгейде танып-білу. Экскурсияны өлкетанушы Қ.И.Сәтбаев атындағы тарихи-өндірістік мұражай директоры, бүкіләлемдік Шыңғысхан академиясының академигі Кенжал Балкенұлы жүргізді.

Салтанатты жиынға Өмірхан Байқоңыровтың қызы Алия Байқоңырова шараға жүрекжарды лебізін жолдаған. Оны техника ғылымдарының кандидаты, доцент, профессор Сәбит Қонтаев оқып берді.

Іс-шараның өтуіне ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы, Қарағанды облысының білім басқармасы, Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы ұйытқы болған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары