Білім & Ғылым 24.05.2019 сағат 15:37  112

Шымкенттік жастар сыбайлас жемқорлықпен күресуге шақырды

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері флешмоб билеу арқылы парақорлыққа қарсы күресте белсенділік танытты. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – патриотизмнің жаңа түрі» атты іс-шараға жиналған 200-ге жуық жас 11 топқа бөлініп, өз өнерлерін көрсетті.
Шымкенттік жастар сыбайлас жемқорлықпен күресуге шақырды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Аталмыш фестиваль Жастар жылына орай «Шымкент – адалдық алаңы» жобасы аясында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті, Шымкент қаласы білім басқармасы және Политехникалық колледжбен бірлесе ұйымдастырылған.

Олар патриоттық және заманауи әндерге топ болып биледі. Қызықтысы сол – студенттер емтихан мен дипломдық және басқа да жұмыстарда кезіктірген оқиғаларды би арқылы бейнеледі. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жастардың өнерлері таспаға түсіріліп, ғаламтор желісінде таратылмақ. Мақсат – жастарды адалдық пен отансүйгіштікке баулу. Қоғам дертіне айналған сыбайлас жемқорлықты жою үшін қаладағы жоғары және арнаулы орта оқу орындарында адалдық алаңы штабтары құрылып, сатушысы жоқ дүкендер ашылған.

«SN.kz»-ақпарат.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар