$ 448.15  483.46  4.86

Түлектердің 66 пайыздан астамы кешенді тестілеуден өте алмады

Кешенді тестілеуге қатысқандардың 66,29 пайызы ең төменгі шек - 50 балды еңсере алмады. Бұл жөнінде бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде кешенді тестілеу қорытындыларына байланысты өткен брифинг барысында Білім және ғылым вице-министрі Тахир Балықбаев мәлім етті.

Вице-министрдің айтуынша, 19-22 шілде аралығында республиканың 42 оқу орындары базасында өткен кешенді тестілеу нәтижесі былтырғыға қарағанда біршама жоғары.

― Кешенді тестілеуге қатысуға 87 мың 60 өтініш берілген, олардың ішінде 84 мың 496 түлек тест тапсырды. Соның нәтижесінде кешенді тестілеудің төменгі шегін (50 балл) 56 мың 17 талапкер еңсере алмаған, бұл 66,29 пайызды құрайды. Бұнымен қоса, шығармашылық емтихан тапсырғандардың да бар екенін ескерсек, онда ең төменгі шекті еңсере алмағандар саны 57 мың 759 адамды құрайды және бұл 56,52 пайызға тең, ― деп атап өтті Т. Балықбаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары