Freedom House: қырғыздар қазақтарға қарағанда еркін өмір сүреді - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

Freedom House: қырғыздар қазақтарға қарағанда еркін өмір сүреді

27.01.2016, 16:58

Freedom House халықаралық адам құқығын қорғау жөніндегі ұйымы "2016 жылғы әлемдегі еркіндік" баяндамасын жариялады. Бұл жайында ұйымның ресми сайтында айтылған.

Рейтингке қатысқан 195 елдің ішінен 86 елде еркіндік бар деп танылса, қалған 50 елде аталған мәселе сын көтермейді деп танылған. Ал, көршілес Қырғызстан аймақтағы ең еркін елдердің бірі ретінде мойындалды.

Халықаралық ұйымның рейтингі бойынша Қырғызстан 38 баллға ие болған. Айта кету керек, мемлекеттің ұпайы жоғары болған сайын ондағы демократия мәселесі шешімін тапқан деп есептеледі.

Сарапшылардың берген бағасы бойынша, Қазақстандағы бостандық көрсеткіші аса мәз емес, дегенмен, Ресеймен және Беларусь елімен салыстырғанда жағдайымыз тәуір.

Қазақстан - 24;

Тәжікстан - 16;

Түркіменстан 4;

Ресей - 22;

Беларусь - 17;

Өзбекстан - 3.

Баяндамада соңғы он жылда әлемде демократия деңгейінің әлдеқайда төмендегені жазылған. Оған Таяу Шығыстағы дағдарыс пен Сириядағы соғыс, қазір белең алып тұрған халықаралық терроризм мәселесі себеп болып отыр. Еуропаға ағылып жатқан босқындар да еркіндік ұғымының аясының тарылуына өз үлестерін қосуда. 

Айта кететін жайт, бұл баяндамада Қырымды Ресейден бөлек сараптаған.

Ең жоғары ұпайларды Исландия, Финляндия, Швеция, Норвегия, Сан-Марино секілді елдер алса, Канаданың бұл бестікке енуіне бір балл ғана жетпей қалды.

Ал, өздерін әлемдегі демократияның "бесігі" санайтын АҚШ-та 90 балл.

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 

Яндекс.Метрика

©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші