$ 449.58  486.94  4.86

Қарағандыда бала өлімінен кейін батутты орнатқан ер адам ұсталды

40 жастағы күдікті уақытша ұстау абақтысына қамалған

Қарағандыда батут аударылып, кішкентай бала қайтыс болғаннан кейін 40 жастағы ер азамат ұсталды деп хабарлайды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалған. Оған ойын нысанын рұқсатсыз орнатты және қауіпсіздік шараларын сақтамады деген айыптар тағылып отыр.

Айта кетейік, 25 мамыр күні Қарағандының Орталық саябағында дауыл көтерілгеннен кейін ойын батуты аударылып қалған болатын. Салдарынан 11 жасар бала оқиға орнында қайтыс болды. Батутта ойнап жүрген тағы екі бала ауыр дене жарақаттарын алып, ауруханаға жеткізілген.

Дәрігерлердің айтуынша, 2012 жылы туған қыз баланың миы шайқалып, жабық бассүйек ми мен көкірек қуысы зақымданған, қабырғасы сынған. 2004 жылы туған баланың аяғы сынған, дәрігерлер одан өзге де жарақат түрлерін тапқан.

Полиция "Қауiпсiздiк талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару не қызмет көрсету" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары