$ 448.15  483.46  4.86

Қырғызстанда сынға ұшыраған екі министр өз еркімен отставкаға кетті

Қырғызстан президенті елдің экономика министрі Олег Панкратов пен ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі және мелиорация министрі Нурбек Мурашевтің отставка кету туралы өтініштерін қабылдады.
Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков (фото: «Азаттық»)
Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков (фото: «Азаттық»)

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков елдің экономика министрі Олег Панкратов пен ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі және мелиорация министрі Нурбек Мурашевтің отставка кету туралы өтініштерін қабылдады. Бұл туралы Қырғызстан президентінің аппаратына сілтеме жасап, «Азаттық» хабарлайды.

Министрлерді қызметінен босату туралы ұсынысты өткен аптада елдің премьер-министрі Мухаммедкали Абылгазиев енгізген.

Панкратов пен Мурашев отставкаға кету туралы өтінішті өздері түсірген. 2018 жылы көктемде қызметіне кіріскен экономика экс-министрі қызметіне қатысты айтылған сыннан соң осындай шешім қабылдағанын хабарлаған. Мурашевты да шаруалар елде картоп сату мәселесін шеше алмағаны үшін сынға алған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары