$ 448.89  477.93  4.76

«Мен ояндым»: әділетсіздікке налыған қазақстандық жастар жаңа челлендж жариялады (ВИДЕО)

Кадрда актер Ануар Нұрпейісов бастаған жастар қоғамдағы проблеларды жеке-жеке бір сөйлеммен жеткізеді.

«Мен ояндым!» Бірнеше қоғам белсендісі осындай атаумен жаңа челлендж бастады. Видео Whastsapp месенджері арқылы тарап жатыр. 

Кадрда актер Ануар Нұрпейісов бастаған жастар қоғамдағы проблеларды жеке-жеке бір сөйлеммен жеткізеді. 

«Мен халық пікірімен санаспай, 1 күнде елорда атын өзгерте салатын елде ояндым», «Мен сөз бостандығы жоқ елде ояндым», «Мен интернетті бұғаттайтын елде ояндым», «Мен сотта әділдігі жоқ елде ояндым», «Мен 30 жыл бойы 1 пәтер сатып ала алмайтын елде ояндым», «Мен бейбіт митингіге шыға алмайтын елде ояндым»  – деді олар. 

Белсенділер сөз соңында «Ал сен қашан оянасың?» деп  көпшілікке  сауал тастады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Ануар