$ 447.4  477.55  4.76

Елімізде ажырасу саны көбейіп барады

2019 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанда некеге тұрғындардың саны 27,9 мың. Қала тұрғындарының үлесі 67 пайызды, ауыл аймақтарында 33 пайызды құрайды.
Фото: ranking.kz
Фото: ranking.kz

Мамандар Қазақстанның барлық аймақтарында шаңырақ көтеруге құштар жастардың саны азайғанын, керісінше, ажырасуға бейім отбасылардың қарасы көбейгенін айтады. Статистикаға сәйкес еліміздегі некеге тұрудың үштен екісі елорда бойынша болса, ажырасудың төрттен үші жалпы еліміз бойынша осы қаладан екен деп жазады Ranking.kz

2019 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанда некеге тұрғындардың саны 27,9 мың. Қала тұрғындарының үлесі 67 пайызды, ауыл аймақтарында 33 пайызды құрайды.

Еліміз бойынша ажырасудың үлесі 2,7 пайызға азайғанымен, қалалықтар үшін статистика жақсарар емес.

Былтыр елімізде 137,8 мың неке тіркелген. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 2,8 пайызға аз. Қала тұрғындарының көрсеткіші 68,3 пайыздан 69,6 пайызға жақсарды.

Ауыл аймақтағы көрсеткіш 31,7 пайыздан 30,4 пайызға төмендеді.

2018 жылы 54,8 мың ажырасу тіркелді. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 0,3 пайызға көп.

2019 жылдың бірінші тоқсанында некеге тұру көрсеткіші бойынша Түркістан облысы мен Алматы қаласы үздік шықты.

Ажырасу көрсеткіші бойынша алдыңғы орында Алматы қаласы мен Алматы облысы. Үшінші орын Қарағанды облысына тиесілі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары