$ 443.85  474.3  4.8

Тоқаев митингі өткізуге рұқсат беретін заң қабылдайтынын мәлімдеді

Сондай-ақ, ел президенті сұхбат барысында әлеуметтік желілердегі #оянқазақ қозғалысына байланысты сұраққа да жауап берді.

Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев митинг өткізуге рұқсат беретін заң қабылдайтынын хабарлады. Бұл туралы Euronews арнасына берген сұхбатында айтты.

«Әрине, заңсыз жасалған іс-әрекет тоқтатылады. Бас прокуратура көшеде жиналудың бұл түрін заңсыз екенін бірнеше рет ескерткен. Санкцияланбаған митингілер, тәртіпсіздіктер мұндай акцияларға қатысқысы келмейтін халыққа кедергісін келтіреді. Сол себепті заң қабылданады. Өз ойын, наразылығын білдіргісі келетіндер қажетті деген инстанцияға жүгінеді. Оларға жиналып, өз пікірлерін жеткізу үшін арнайы орындар берілетін болады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ, ел президенті сұхбат барысында әлеуметтік желілердегі #менояндым қозғалысына байланысты сұраққа да жауап берді.

«Біздің стратегиямыз диалог орнату. Бұл қозғалыстар креативті жастардың бастамасымен құрылған. Менің ел басқару саясатындағы негізгі басымдығым – мемлекеттік маңызды істерді шешу үшін жастарды билікке тарту. Әрине, барлық қозғалыстардың өкілдерімен мәселелерді тәртіпсіздікпен емес, үстел басына  жиналып шеше аламыз», - деді.

Айта кетейік, 9 маусым күні ҚР президенті сайлауынан кейін көпшілік Астана мен Алматыда бейбіт митингіге шыққан болатын. Ресми мәлімет бойынша, сол күні жүз шақты адам тұтқындалғаны хабарланды. Кейін олардың саны тоғыз жүзден асқаны белгілі болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары