$ 518.34  591.06  6.27

Париж Олимпиадасының жүлдегерлеріне мемлекет әлі күнге дейін сыйақыларын бермеген

Парижде Қазақстан ұлттық құрамасы 1 алтын, 3 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды.

Фото: желіден алынды
Фото: желіден алынды

XXXIII жазғы Олимпиада ойындарының аяқталғанына тоғыз айдан астам уақыт өтті. Алайда француз жерінде ел намысын қорғаған Қазақстан спортшыларына мемлекет тарапынан уәде етілген сыйақылар әлі күнге дейін берілмеген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Еске салсақ, Парижде Қазақстан ұлттық құрамасы 1 алтын, 3 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды. Олимпиада жүлдегерлеріне Қазақстан Республикасы үкіметі тарапынан қомақты қаржылай сыйақы қарастырылған. Ел заңнамасына сәйкес, 4-6-орын алған спортшыларға да ақшалай ынталандыру қарастырылған.

Бұған дейін Париж Олимпиадасы қорытындысы бойынша қазақстандық спортшылар $1,096 миллион табыс тапқаны туралы болжам жасалған. Дәл осындай сома спортшыларды дайындаған бапкерлерге де берілуі тиіс. Барлығы $2,192 миллион немесе қазіргі бағаммен 1,145 миллиард теңге төленуі керек. Алайда бұл мәселе әлі шешімін таппай отыр.

«Олимпиадаға қатысқан спортшылардың ешқайсысы әзірге бір тиын да алған жоқ. Қашан берілетіні жайлы нақты мерзім де айтылмайды. Ұлттық спорт федерациялары үнсіз. «Ақша жоқ, шыдай тұрыңыздар» дегеннен әрі аспай жатыр», – дейді белгілі спортшы.

Олимпиадашының айтуынша, сыйақыларды кешіктіріп беру мәселесі соңғы бірнеше жылда жиілеп кеткен. Бұрын, Токио-2020 Олимпиадасына дейін, қаржы мәселелеріне Қазақстан Ұлттық олимпиада комитеті жауапты болған. Кейіннен қаржыландыру ҚР Туризм және спорт министрлігінің құзыретіне өткен.

«Бұрын сыйақы алу әлдеқайда жеңіл болатын. Мысалы, Токио-2020 ойындарынан кейін әр федерация өз спортшыларының тізімін жасап, ҰОК-ке жолдайтын. Бір апта ішінде ақша карточкаға түсетін. Ал министрлікке ауысқалы бұл процесс тым күрделеніп кетті. Өзіңіз ойлап көріңіз: 2023 жылдың қазанында Қытайдың Ханчжоу қаласында Азия ойындары өтті. Астанадан барлық жүлдегер мен жаттықтырушыларды бір тізіммен жолдаңдар деген бұйрық келді. Бірақ тізім жасалған соң, «неге пәленше бапкер кірмей қалған?» деген секілді даулар туындап, ақыры сыйақыларды бір жылдан аса күтуге тура келді. Азия ойындарынан соң берілуі тиіс сыйақыны біз Париж Олимпиадасынан кейін бірнеше ай өткенде ғана алдық», – дейді дереккөз.

Париж-2024 Олимпиадасында жүлдегер атанған қазақстандық спортшылар:

Алтын ($250 000): Елдос Сметов (дзюдо)

Күміс (әрқайсысы – $150 000): Нариман Құрбанов (спорттық гимнастика), Демеу Жадыраев (грек-рим күресі), Нұрбек Оралбай (бокс)

Қола (әрқайсысы – $75 000): Александра Ле және Ислам Сәтпаев (нысананы дәлдеу ату), Ғұсман Қырғызбаев (дзюдо), Назым Қызайбай (бокс)

4-орын ($30 000): жоқ

5-орын (әрқайсысы – $10 000): Мұхаммедсабыр Базарбайұлы, Айбек Оралбай, Сәкен Бибосынов (барлығы – бокс), Абиба Әбужақынова (дзюдо), Милад Карими (спорттық гимнастика), Әмір Маймұратов (спорттық өрмелеу)

6-орын (әрқайсысы – $5 000): Александра Ле (нысананы дәлдеу ату), Руслан Құрбанов (жекелей семсерлесу), сондай-ақ командалық семсерлесуден Руслан Курбанов, Эльмир Әлімжанов, Вадим Шарлаимов және Ерлік Сертай.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары