$ 516.16  584.86  6.25

«Бірдеңем үкіметке ұнамай қалған»: Қуат Найман тағы бір шулы мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

Оның сөзінше, қоғамдағы шындықты жасырмай айтқаны билікке ұнамай қалған. Тіптен өзімен жұмыс істеуге ниетті компанияларды да кері қайтарған.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Ережесіз жекпе жектің шебері, спортшы Қуат Хамитов жаңа Қазақстанға деген өкпесін ашық айтып, биліктің өзіне тигізген кесірін жайып салды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Төбелеспен ақша табатын спортшы, саяси көзқарасы үшін жекпе жектерін өткізе алмай жүргенін жеткізді.

«Келесі жекпе жегің қашан?» деген сұрақтарды қоймай-ақ қойсаңыздар болады. Өйткені, осымен екінші жекпе жегім «отмена» болайын деп жатыр. Ақпанда бокс жекпе жегім — менің саяси көзқарасым үшін өтпей қалды. Міне, тағы бірдеңем үкіметке ұнамай қалған. Сондықтан көптеген жігіттер «анау Қуат хайп үшін істеп жүр, өз-өзіне жарнама жасап жүр деп» айтқан. Жарнама ондай болмайды», — деді спортшы.

Оның сөзінше, қоғамдағы шындықты жасырмай айтқаны билікке ұнамай қалған. Тіптен өзімен жұмыс істеуге ниетті компанияларды да кері қайтарған.

«Шындықты айтқанымның кесірі тиіп жатыр, анау ескі Қазақстаннан бері зардабын шегіп жатырмын. Өйткені, ескі Қазақстан менің төрт-бес кешімді «отмена» жасап, демеушілерді қайтарған. «Қуаттан бас тартыңдар» деп келісімшарттан қысатын. Міне, жаңа Қазақстан деген де өтірік сияқты. 27 ақпан күні болатын жекпе-жегімді «отмена» жасады, менің саяси көзқарасым үшін. Енді 27 мамыр күні өтетін жекпе-жегім де болмайтын сияқты. Сондықтан, қандай жағдай болса да, ол мені сындыра алмайды. Не істесе де, мен шындықты айтуға және халықпен бірге болуға дайынмын», — деді Қуат Хамитов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 7
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары