$ 448.15  483.46  4.86

Алматыда баласы әкесін пышақтап өлтірді

Алматыда ұлы туған әкесіне пышақ салды. Жарақат алған әкесі ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, қайғылы оқиға Түрксіб ауданы Орджоникидзе көшесінің бойындағы жекеменшік үйлердің бірінде болған. 

«Әкесі мен ұлы алкогольді ішімдік ішкен соң, марқұм отанасына байланысты екеуара сөзге келіп қалған. Сол сәтте баласы әкесінің кеуде тұсынан екі рет пышақ салған. Жарақат алған адам ауруханада көз жұмды. Іздестіру жұмыстарынан соң күдікті ұсталды. Ол бұрын да сотталған. Өз кінәсін толық мойындады. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр», - деді Түрксіб аудандық полиция басқармасының басшысы Думан Аухадиев. 

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары