$ 447.4  477.55  4.76

Әлеуметтік желіде сайлау туралы сауалнама жүргізгендер жауапқа тартылды

Осыған ұқсас «Facebook» әлеуметтік желісінде жасалған құқық бұзушылық үшін Алматы облысының тұрғыны әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
Фото: Азаттық
Фото: Азаттық

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы ел Президентінің кезектен тыс сайлауы барысында заңдылықты, оның ішінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңда көзделген қоғамдық пікірге сауал салуды жүргізу шарттарының сақталуын ерекше бақылауда ұстауда, деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі. 

«Қазіргі уақытта интернет желісінде осы заңның талаптарын бұзушылықтар тіркелді.
Нақты айтқанда, «Nur.kz» Интернет-ресурсының меншік иесімен Орталық сайлау комиссиясына міндетті түрдегі хабарлаусыз сауал салу жүргізу фактісі анықталды», – делінген хабарламада.

Сонымен қатар әлеуметтік желілерде осындай сауал салуларды жүргізу байқалады. Аталған фактілер бойынша құқық бұзушылар әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

«Атап айтқанда, «ВКонтакте» әлеуметтік желісінде сайлау бойынша қоғамдық пікірге сауал салған (ӘҚБтК 120-бабы 3-тармағы) Алматы қаласының тұрғыны а.ж. 17 мамырда 15 АЕК мөлшерінде (37 875тг) айыппұл төлеуге тартылған.

Осыған ұқсас «Facebook» әлеуметтік желісінде жасалған құқық бұзушылық үшін Алматы облысының тұрғыны әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Осыған байланысты, Бас прокуратура азаматтарға сайлау процесі барысында заңдылықты сақтау қажеттілігі және ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 120-бабында сайлауға байланысты қоғамдық пiкiрге сауал салуды жүргiзу шарттарын бұзғаны үшін жауаптылық көзделгені туралы еске салады», – деп хабарлады Бас прокуратура. 

Бұл ретте, азаматтарға мұқият болып, әлеуметтік желілердегі жеке аккаунттарын үшінші тұлғаларғдың құқыққа қайшы мақсаттарда пайдалануына жол бермеу ұсынылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары