$ 445.66  474.58  4.78

Ақтауда жаппай төбелескендердің кім екені анықталды

Полиция видеодағы төбелескендердің барлығын анықтады.
Фото: 24.kz
Фото: 24.kz

Жуырда қатарластарын соққыға жыққан жасөспірімдердің бұзақылық әрекеттері түсірілген видео әлеуметтік желіге тараған болатын. 

Полиция бейнетүсірілімді тыңғылықты зерттей келе, бұзақылық әрекетке қатысушылардың кім екенін анықтады. 

Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Нұрділдә Ораз мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«Әлеуметтік желіге тараған жасөспірімді өзінің құрдастары ұрып жатқаны туралы бейнематериал тексерілді. Осы іске қатыстылар анықталды. 

Олар - Ақтау қаласындағы колледждердің бірінің бірінші курс студенттері. Бұл жәйт осы жылдың 20 сәуірінде болды. Жәбірленуші полицияға шағымданбаған. Қазіргі уақытта кінәлілерді жауапқа тарту мәселелері қарастырылуда»,-делінген министрлік таратқан мәліметте.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары