$ 448.15  483.46  4.86

Зеленский жарнама жасаған соң, Украина астанасында шаурма саудасы қыза түсті

Украина басшысы Владимир Зеленский шаурма туралы "бұл ұят емес" деген болатын. Нәтижесінде ел астанасында осы фастфудтың саудасы шамамен екі есеге артқан.
Medialeaks
Medialeaks

Кәсіпкерлер президенттің бұл қадамын шағын кәсіпкерлікті қолдау деп бағалап отыр. 

Украина басшысы Владимир Зеленский шаурма туралы "бұл ұят емес" деген болатын. Нәтижесінде ел астанасында осы фастфудтың саудасы шамамен екі есеге артқан. Бұл туралы сауда орындарындағы жағдайды зерттеген "Страна.ua" басылымы хабарлады. 

Осыған дейін Зеленский киевтіктерді қала күнімен құттықтап, шаурманың иісі туралы айтып қалған болатын. Мұның барлығы ел астанасы тұрғындарына аса ұнай қоймаған еді. Санаулы күннен кейін Зеленский тағы да тістелген шаурманы көрсетіп, өзге саясаткерлерге дәмін татуға кеңес берді. 

Дереккөз: Life.ru

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары