$ 443.85  474.3  4.8

Зеленский АҚШ-тан жаңа қару-жарақтар сұрады

Вашингтон Украинаның жаңа басшысымен болған кездесуге оң баға берді.
Фото: rbc.ua
Фото: rbc.ua

Вашингтон Украинаның жаңа басшысымен болған кездесуге оң баға берді.

Владимир Зеленский АҚШ-тан қару-жарақтың жаңа жүйесін беруді сұрады. Бұл туралы саясаткер Роберт Портман Огайо штатында болған сенат отырысында мәлімдеме жасады, деп жазады Life.ru.

«Зеленский өз әскерінің батылдығы жайлы, сонымен қатар, олардың қару-жарақ жүйесіндегі жағдайлары мен мұқтаждықтарын ашық жеткізді. Біз шығыс шекарадағы ресейлік насихат туралы және Донбастық тұрғындар арасында жанжал туғызу мақсатында Украина телеарнасының хабар таратуын басу жағдайы туралы әңгімелестік», - деді сенатор.

Портман Зеленскиймен болған бір сағатқа жуық кездесуінде басқа да маңызды тақырыптарды қозғағандарын айтты. 

Сонымен қоса, АҚШ сенаторы Украина Қарулы күштері Бас штабының басшысы Руслан Хомчакпен де кездесіп,  жергілікті әскерге қандай көмек беруге болатынын ақылдасты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары