$ 443.44  480.51  4.88

Қарағанда облысында жол апатынан екі бала қаза болып, ондаған адам ауруханаға түсті

Аталған факті бойынша қымыстық іс қозғалды.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Қарағанды облысында жол апатынан 12 адам зардап шегіп, екі бала мерт болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыстық Полиция департаментінің өкілдері 7 мамыр күні Алматы-Екатеринбург тасжолында «Тойота Камри» мен «Шевроле Нексиа» соқтығысқанын хабарлады. Оқиға салдарынан «Шевроле Нексиа» көлігінің екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Сондай-ақ екі көлікте болған 10 жолаушы медицина мекемесіне жеткізілді.

Аталған факті бойынша қымыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу жүріп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары