$ 443.44  480.51  4.88

Атырауда қару-жарақпен қашуға тырысқан сарбаз оқ жаудырды

Қазір 19 жасар жігіт гауптвахтада.

Фото: baq.kz
Фото: baq.kz

Атырауда мамырдың 7-нен 8-іне қараған түні 41433 әскери бөлімінің сарбазы жанына қару-жарақ пен оқ-дәрі алып, қашып кеткен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Atyrauonline ақпараттық телеграм каналына сілтеме жасап.

Ол өзін ұстамақ болғандарға қарсы оқ жаудырған. Осыдан кейін әскери бөлім қызметкерлері мен полицейлер «Арлан» арнайы жасақтары мен Ұлттық қауіпсіздік комитетін көмекке шақыруға мәжбүр болады.

Ағымдағы жылдың 18 сәуірінде Ақмола облысынан шақырылған сарбаз өзімен бірге АК-74 автоматы мен 120 дана оқ-дәрі алып кеткені белгілі болды.

Қазіргі уақытта сарбаз қамауға алынды. Қылмыстық іс қозғалды.

«2024 жылғы 8 мамырда Атырау гарнизоны әскери бөлімдерінің бірінде әскери қызметін өтеп жүрген сарбаздың бекітілген қарумен қысқа мерзімге рұқсатсыз келмеу фактісі тіркелді. Қазіргі уақытта сарбаз бөлімшеде, зардап шеккендер жоқ. Тергеу мүддесіне сай басқа мәліметтер жария етуге жатпайды», - деп хабарлады Атырау гарнизонының баспасөз қызметі.

Ал  orda.kz басылымының жазуынша гарнизонның баспасөз қызметі «сарбаз қамауға алу кезінде оқ жаудырды ма» деген сұраққа тергеу мүддесін алға тартып, жауап беруден бас тартты.

«Батыс РВМУ әскерге шақырылған әскери қызметшіге қарсы қарумен қызметтік орнын тастап кету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасуда», - дедп жауап қайырды гарнизонның баспасөз қызметі.

Сарбаз 2023 жылдың күзінде әскерге шақырылған, жақында Атыраудағы әскери бөлімге ауыстырылған. Қазір 19 жасар жігіт гауптвахтада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 5

Серіктес жаңалықтары