«Такси» фильмінің актері Абайдың 175 жылдығына өз үлесін қосып, эстафетаны жалғады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ұлы ақынның өлеңін француз актеры оқыған видео әлеуметтік желіде тарап кетті. Насери Абай өлеңдерін оқу эстафетасын Франциядағы Қазақстан елшісі Мұрагер Сауранбаевтан алған.
«Менің атым Сами Насери. Мен француз актерімін. Досым Мұрагерден жолдауын алдым. Сондай-ақ, эстафетаны әрі қарай танымал боксшы Геннадий Головкинге жолдаймын», – деді актер.
Ол ұлы Абайдың «Сағаттың шықылдағы емес ермек» өлеңін француз тілінде оқыды.