$ 498.34  519.72  4.85

Халқы күнін көре алмай жүрген Қазақстанға қырғызды жарылқағаны не теңі?

Қазақстан Қырғызстанға жақын күндері 100 миллион доллар беретіні бұған дейін хабарланған болатын. Бірақ, бұл қаражат қарыз ретінде емес, жай техникалық көмек ретінде аударылады. Мұндай екіжақты келісімге осыдан бір апта бұрын Санкт-Петерборда Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында қол қойылды.

Ал, бұл жағдай қазақ қоғамында үлкен пікірталасқа ұласып отыр. Халықтың дені биліктің бұл қадамын түсіне алмай әлек. Өйткені, елдегі тұрғындардың басым бөлігі әлі де баспанасыз. Оның үстіне, күні кеше Қарағанды облысы Шахтинск қаласының іргесіндегі Шахан елдімекенінде 5 қабатты тұрғын үйдің бір бөлігі опырылып құлап, 9 адам қаза тапты. Ондаған отбасы баспанасыз қалып отыр. Оларды үймен қамту мәселесін жергілікті биліктің шешіп беруі де екіталай.

Осы ретте шымкенттік заңгер, қоғам белсендісі Айгүл Орынбек биліктен қырғызды жарылқағанша қаңғып жүрген өз халқымызды баспанамен қамтуды сұрап отыр.

"Қырғыздарға 100 миллион доллар бергенше, көшіп жүрген қазағына құламайтын үй салып берсе дұрыс болар еді! Халқы киіз мүжіп отыр əркімге жалтаңдап, ал бұлар əркімді жарылқап əлек. Қайыршы болып жүрген халық не үшін ақша аудару керек Қарағандыға! Мемлекет бөлсін керек қаражатты. Халқының қауіпсіздігін, жағдайын жасай алмаса несіне дамыған 30 елге кірдік деп мақтанады?", - деп жазды А.Орынбек өзінің Фэйсбуктегі парақшасында.

Айта кетейік, аталған қаражатқа Қырғызстан үкіметі шекарадағы кеден бекеттерін заманауи қондырғылармен жабдықтауды жоспарлап отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары