$ 443.37  474.49  4.83

Ақтөбеде "діндар" ата-аналар мектеп мұғалімдерінің проблемасына айналды

Ақтөбе облысында исламның дәстүрлі емес салафизм ағымын ұстанушылардың көп екенін дін мамандары бұған дейін талай айтқан. Енді қазір осы "діндарлар" мектеп мұғалімдерінің басауруына айналып отыр деп жазады Aktobenews.kz.

Қыздарын хиджабқа орап қоятын мұндай ата-аналар енді мектеп басшыларының үстінен сотқа арызданып жатыр. Айтуларынша, заңда "мектепке хиджаб киіп келмесін" деген бап жоқ.

"Біздің мектепте қазір екі қыз сабаққа хиджаб киіп келіп жүр. Бұл іс сотқа дейін жетті. Бірақ, жауап беруші тарап ата-аналар емес, мектеп басшылығы мен Білім басқармасы. 12 қазан күні сотта алғашқы тыңдау өтті. Алайда, сот істі қараудан бас тартқандықтан, ата-аналар арыздарын кері қайтарып алды", - дейді №19 мектеп директорының орынбасары Эльмира Наталина.

Оның айтуынша, "діндар" ата-аналар мектеп мұғалімдерінің талаптарына пысқырып та қарамайды екен.

"Бізге заңды көрсетіңдер, егер Конституцияда жазылған болса қыздарымыздан орамалын шешеміз дейді. Біз оларды ескертуден басқа ешқандай шара қолдана алмай отырмыз", - дейді ол.

Ал, Дін істері жөніндегі комитеттің өкілі Балғабек Мырзаевтың айтуынша, мұндай проблема тек Ақтөбеде ғана емес, Маңғыстау облысында да бар екен.

"Біз ата-аналарды шақырып алып, заңға бағыну керектігін түсіндіріп айттық. Бірақ, олар алған беттерінен қайтпай отыр. Біз мұнан кейін полицейлердің көзінше ескерттік, олар Білім және ғылым министрлігінің бұйрығын орындамаса 10 АЕК көлемінде айыппұл төлейтінін айттық. Егер тағы қайталанса 20 АЕК төлейді. Ал, егер үшінші рет қайталанса олардың балаларын интернатқа өткіземіз, төртінше рет заңға бағынбаса оларды ата-ана құқығынан айыра аламыз", - дейді Мырзаев.

Оның айтуынша, қазіргі таңда Маңғыстау облысында тек 4 оқушы ғана хиджабыгн шешпепті. Қалғандарының ата-аналары мектеп басшыларымен ортақ тіл тапқан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары