$ 498.34  519.72  4.85

Шаңырақ ісі бойынша сотталған үш адам көмек сұрайды

Алматының Шаңырақ ықшам ауданындағы оқиға кезінде жаппай тәртіпсіздікке қатысты деген айыппен 14 жылға сотталған 33 жастағы тұтқын Рүстем Тұяқовтың анасы Алматы облысының Заречный кентіндегі ұлы отырған түрмеге барып қайтты. Тұяқов бірер күн Семейден осы жердегі түрмеге ауыстырылған. Бұл жайында Азаттық тілшісіне Тараздағы түрмеде 15 жылдық жазасын өтеп жатқан 38 жастағы Ерғанат Тараншиевтің әпкесі Шолпан Әбдібақас айтып берді.

Әпкесінің айтуынша, Ерғанат Тараншиевтің туыстары оны да Заречныйдағы түрмеге ауыстырады деген үмітте. Туыстары Заречный кенті үйіне жақын екенін және оны шартты түрде мерзімінен бұрын босатып алуға жеңілірек болатынын айтады. Бірақ Тұяқов пен Тараншиевтің шартты түрде мерзімінен бұрын босап шығуға талпынысынан әзірге нәтиже жоқ. 20 қарашада Тараз қалалық соты Ерғанат Тараншиевтің өзін шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін қанағаттандырудан кезекті рет бас тартқан.

26 желтоқсанда Қоғамдық бақылау комиссиясының Павлодар облысы бойынша төрайымы Наталья Ковлягина Азаттыққа Павлодарда Шаңырақ оқиғасы бойынша сотталған үшінші адам – 41 жастағы Құрманғазы Өтегенов отырған түрмеге барып қайтқанын хабарлады.

«Өтегеновке құқықтық көмек өте қажет. Оған жазбаша үндеу және тұратын жеріне жақын колонияға ауыстыру туралы өтініш жазуға, колония басшылығының өзіне мінез-құлқы мен тәртібі деңгейін көтермелеуден бас тартуына қатысты шағым дайындауға көмек көрсету керек. Сонымен қатар ол өзін террорлық іс-әрекет жасаған адам ретінде ҰҚК тізіміне алуына қарсы шағым беру керек» деді Наталья Ковлягина.

Шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды 18 жылға сотталған 63 жастағы Арон Едігеев (Арон Атабек) қана сұрамай отыр. Ол өзіне рақымшылық жасауды сұрау мүмкіндігі туады деп те санамайды.

11 жыл бұрын Алматы түбіндегі Шаңырақ ықшам ауданында "жерді заңсыз басып алды" деген уәжбен салынған үйлерді сүруге келген билік өкілдері мен арнайы жасақтың қара халықпен арасында қақтығыс болған. 2006 жылы 14 шілдеде таңертең сот орындаушылары мен әкімдік өкілдері полиция және арнайы техникалармен Шаңырақтағы үйлерді сүру туралы аудандық сот шешімін орындау үшін осы елді мекенге бар

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары