Бүгінгі сөз 06.01.2018 сағат 18:05

Дамыған ел болам десең «туалетіңді» түзе!

Осы сарындағы ақыл-кеңесін павлодарлық тарихшы-ғалым Зулейха Марданова «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басшыларына айтты. Ол еліміздегі пойыз вагондарының тым ескі және ондағы дәретханалардың өте лас екенін өзінің Facebook-парақшасында жазды.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

З.Марданова вагондарға био-дәретханалар орнату керектігін айтып отыр.

«ҚТЖ басшыларына сауал: пойыздарға био-дәретханалар қашан орнатасыздар? Әлде 21 ғасыр болса да туған жерді нәжіспен ластай береміз бе? Жалпы, бізді сотталғандарға арналған плацкарт вагондарынан қашан арылтасыздар? Бұл қазіргі заманның масқарасы емес пе? Сіздер осы Сталиннің, Хрущевтің қайтыс болғанынан, ГУЛАГ-тың жабылғанынан хабардарсыздар ма? Тіпті қазір КСРО да құлап, жоқ болған!», - дейді ғалым өз жазбасында.

Осы ретте айта кетейік, Қазақстан соңғы бірнеше жылдан бері «Тұлпар – Тальго» зауыты заманауи үлгідегі вагондар жасаумен айналысып келеді. Дегенмен, еліміздегі пойыздардың басым көпшілігі әлі де болса ескі - КСРО кезінен бері қолданыста.

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар