Танымал қоғам белсендісі, өзін Қазақстан мұсылмандары одағының басшысы санайтын Мұрат Телібеков астаналық көше тазалаушыларының киім үлгісін қатаң сынға алды. Оның пікірінше, коммуналды қызмет өкілдерінің құсқынсыз киімі шетелдіктерді шошытатын көрінеді.
Бұл туралы Телібеков өзінің Facebook-парақшасына жазды. Жазып қана қойған жоқ, Астана әкімі Әсет Исекешевтен көше тазалаушыларына арнап арнайы киім үлгісін тіктіруді сұрады.
"Әсет Исекешев! Комунналды қызметкерлерге дұрыстау униформа кигізіңіз! Олар өз киімімен жұртты қорқытады. Бұларды көрген шетелдіктер менен: мыналар құл ма, әлде сотталғандар ма деп сұрайды. Расымен де, бұлардың киімдері не үшін қорқынышты?" - дейді Мұрат Телібеков.