$ 494.87  520.65  4.91

Ақын Аманжол Әлтаев Қазақстанда қытайлардың көбейіп бара жатқанынан үрейленеді

Танымал айтыскер-ақын Аманжол Әлтаев Қазақстанды қытайлар қаптап кетеді ме деп қорқады. Мұндай ойын ол өзінің Facebook-парақшасына жазған.

Күні кеше Алматыда Жазушылар одағының құрылтайы болып, одаққа жаңа төраға сайланған болатын. Осынау жиынға арнайы кеп қатысып, қайтарда ұшаққа отырған ақын салонда толып отырған қытайлықтарды суретке түсіріп, өзінің қорқынышын жасырмай жазды.

«Жазушылар одағының жаңа төрағасы мен орынбасарларын сайлап ауылға қайтып барамыз. Ұшақ ішіндегі көрініс көңілге үрей ұялатады екен. Ұшақтың ескілігінен емес, артымдағы отырған күлімсі сасыған қалың қытайлардың көптігінен... Алдағы уақытта олардың саны жүз есе, мың есе көбейе бермек. Ұлттық қауіпсіздігімізге төнетін басты қауіп те осы болмақ. Біз болсақ оларға жер сатқымыз келеді, қыз беріп құда болмақпыз.... Қандай қорқынышты. Мен шын мəнінде үрейленіп отырмын», - деп жазды Әлтаев өзінің Facebook парақшасында.

Жер сатқымыз келеді деп ақын бекер айтып отқан жоқ. Осыдан екі жыл бұрын елімізде халық көтеріліп, жердің шетелдіктерге сатылуына да, жалға да берілуіне қарсылық танытқан болатын. Осыдан кейін Мемлекет басшысы осынау заңның орындалуына 5 жылға мораторий жариялады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары