Біріккен ұлттар ұйымы Қазақстанда қанша кәмелетке толмаған бойжеткен некеге отырғанын анықтады. Олардың нақты саны бірлестіктің арнайы зерттеуі барсында белгілі болды деп жазады NUR.KZ.
БҰҰ-ның мәлімдеуінше біздің елімізде жылына шамамен үш мыңға жуық жасөспірім үйленіп жатады.
"Бірлестіктің жүргізген зерттеу жұмыстары аясында Қазақстандағы қыздардың сегіз пайызы 18 жасқа толмай ресми немесе бейресми некеге отырады. Олардың ішіндегі бес пайызы өзінен жоқ дегенде он жас үлкен ер азаматтарға тұрмысқа шығады", - деп мәлімдеді ұйым өкілдері.
Мамандар мұндай бойжеткендердің көпшілігі үйдегі зорлық әрекеттеріне тап болып жататынын да айтты.
Қыз-келіншектердің көбісі көрген қорлықтарын жағдай ушығып кеткен кезде ғана келіп айтып жатады. Бұл қадамға олар күйеулеріне білдіртпей барады.
Қиын жағдайға тап болған әйелдер үшін арнайы орталықтар да қарастырылған. Алайда, олар онла көп уақыт тұрақтай алмайды.