$ 490.84  536.88  5.04

Мақпал Жүнісова: «Бақтияр Тайлақбаев жолымды кесіп, менің орныма жарысқа кетті»

ҚР Халық артисі Мақпал Жүнісова осыдан 20 жыл бұрын өзіне жасалған әділетсіздікті әлі күнге ұмыта алмай жүр. Өнер иесінің сөзінше, Бақтияр Тайлақбаев таныстары арқылы әншінің жолын кескен көрінеді.

Ол кезде әнші небәрі 18 жаста екен. Халыққа бүгінге дейін айтпай келген шындықты Жүнісова HIT TV арнасының тілшілеріне жайып салды.

«С песней по жизни» деген конкурстың финалы Мәскеуде өтетін. Оған аймақтардың іріктеуі Алматыда өтті. Мен Алматыдағы іріктеуіне қатысып, халық қолпаштап, халықтың даусымен өтіп тұрған едім. Бірақ финалға екі ай уақыт қалғанда ешқандай іріктеуден өтпеген Бақтияр Тайлақбаев деген азамат таныстарын ортаға салып, менің орныма кетті. Сондай әділетсіздіктер болды», – дейді әнші сұхбатында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары