$ 482.86  533.17  5.08

Алматылық кәсіпкер Талғат Мұсабаевтың өзіне қысым көрсеткенін айтты

Алматылық кәсіпкер Бақыт Ниязов ұшқыш Талғат Мұсабаевты өзіне қысым көрсетті, ал оның қарындасы Гүлнарды рейдерлік жасады деп айыптап отыр деп хабарлайды 31 арна.

Инвестор Гүлнар Мұсабаева мен оның жұбайы Виктор Морозов атақты туыстарының атын жамылып, кәсібін тартып алмақ болғанын айтқан.

Ниязов 2013 жылы Алматы тауларында таун-хаустарын салуға 300 млн теңге қаржы салған. Ал ол жерлердің иесі Виктор Морозов пен Гүлнар Мұсабаева болған екен. Алайда, жоба іске аспай, құрылыс жұмыстары тоқтап қалыпты.

Кейіннен жұбайлардың Біріккен Араб Әмірліктерінде жүргені анықталған.

2016 жылы Ниязов үлестердің өтемақысы туралы сөйлесіп, бонус есебінде соғылып жатқан кешеннен бірнеше пәтер сыйға тартатынын айтыпты.

Осылайша, ортада шарт жасасыпты. Кәсіпкердің айтуынша, артынан Талғат Мұсабаевтың туыстары өз позицияларын қайта қарап, 2 млн доллар ақша сұраған екен.

«Бұл фамилия үлкен рөл ойнайды. Қазір де оның туыстары шу шығарғанда Талғат Мұсабаевтың атын жамылады»,- дейді Бақыт Ниязов.

Ол мәселені шешу үшін Мұсабаевтың өзіне де жолыққанын айтады.

Инвестор мұның рейдерлік екенін де жеткізді.

«Біз ертең ол жақтан су мен газ құбырларын қиып тастаймыз, оларды өртеп жібереміз. Құқық қорғау жүйесінде мәселе тудырамыз. Біз бұл нәрселерді күнде естиміз», - деді Ниязов.

Оның сөзінше, Гүлнар Мұсабаева болашақ үй иелерімен байланысқа шығып, оларды қорқытады екен. Одан бөлек, территорияға кіру жолдарын қайта жауып, сотқа арыз тастапты.

Ниязов полицияға барғанымен, олар еш қылмыстың жоқ екенін айтыпты.

Ал Талғат Мұсабаев бұл істерге қатысты ештеңе білмейтін болып шықты.

Сондай-ақ, ұшқыш «Гүлнар мен Виктордың жергілікті банкке 1,5 млрд доллар қарыз екені рас па?» деген сұраққа да өз жауабын айтты.

«Мен кімнің кімге қарыз екенін білмеймін!»,- деді ол.

Алайда, басылым Мұсабаев туыстарының қарыздарынан хабардар болуы мүмкін деп топшылаған. Себебі, оларға тиесілі «Algabas Development» ЖШС 2006 жылдан бері Қазақстан банктерінің алдында 1,5 млрд доллар қарыз болған.

Дереккөз: NUR.KZ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары