$ 494.87  520.65  4.91

Астанада 8 бала менингит күдігімен ауруханаға жатқызылды

Астанада 5-16 қазан аралығында сегіз бала сірлі менингит жұқтырды деген күдікпен ауруханаға жатқызылған деп жазады Tengrinews.kz.

«Бүгінде Астанадағы балалар жұқпалы аурулар ауруханасында алдын ала «сірлі менингит» диагнозы қойылған 8 мектеп оқушысы жатыр. Олардың барлығы әр түрлі мектепте оқиды. 5-16 қазан аралығында әр түрлі мерзімде ауруханаға түсті», - деп хабарлады Астана қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Сәдуақас Байғабылов.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта балалардың жағдайы қанағаттанарлық. Тек осыдан екі күн бұрын түскен баланың жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр.

Байғабылов балалардың ауруханадан екі аптадан соң шығатынын айтып өтті.

Бірақ, департамент басшысының айтуынша, Астанада ешқандай карантин жарияланбайды. Себебі сірлі менингит менингококк инфекциясы сияқты қауіпті емес.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары