Төтенше жағдайлар комитеті Астанада 5 қыз қаза тапқан өрт себебін атады деп хабарлайды «Астана» телеарнасы.
Өрт қауіпсіздігі саласын бақылау және алдын алу басқармасының бастығы Жасұлан Ақтаевтың сөзінше, мұржаның дұрыс орнатылмауы өртке себеп болған.
«Мұржаны орналыстыру кезінде өрт қауіпсіздігі ережелері бұзылған. Үйдің төбесі мен мұржаның арасында бос жер болмаған. Соның салдарынан пешті пайдаланған кезде өрт шыққан» деді ол.
Төтенше жағдайлар комитеті өкілі өрт болардан бір апта бұрын уақытша баспананы комитет қызметкерлері тексергенін хабарлаған. Бірақ Ақтаев тексеру кезінде үйдің өрт қауіпсіздігі талаптарына қаншалықты сай болғаны туралы ештеңе айтпады. Оның сөзінше, «тұрғындар тексерушілерді көбіне үйлеріне кіргізбейді».
Комитет өкілінің сөзінше, Қазақстанда жылына 15 мыңға жуық өрт тіркеледі. 2019 жылы бір айда 116 адам өрттен қаза тапқан.